Өлеңдер ✍️

  27.05.2022
  102


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Шынайылық

Мағынасы
махаббатқа жол ашқан,
Шынайылық,
жан қалауым о бастан.
Көктi аңсаған көңiлiм бар
мен үшiн:
Ол – бәйтерек,
ол – аспан.
Сұр жебесiн
мөлдiрлiкке кезенген,
Көлгiрлiктi
танып қойып кезеңнен,
Бөлек кеттiм –
тигiзердей кесiрiн
Мақсатыма
мұрат тұтқан ежелден.
Табиғаты
тұнып тұрған көрiкке,
Ес арбалып
дала кезген елiкке,
Қайттым талай
қиялыммен қыдырып,
Көңiлiме
сезiм кiрiп желiкпе.
Қырға ұқсатып
кей қылығын шынайы –
Тәнтi болдым
түлкiге де мүләйiм.
Қалып қоям
ере жаздап ұдайы,
Неге сонша нәзiк еттi,
Құдайым!
Асау сезiм
шығып кетiп ырқынан,
(Мейлi, менiң осы болсын –
бiр күнәм!)
Бас тартпаған болмысынан,
құлқынан
Бөрiге де құмартқанмын –
ұрты қан.
Тiлегi –таң,
түрi – таңсық,
тұрқы – паң,
Сан сұлуға көзім саттым
сыртынан.
Аулақ салдым бiрақ
кейде iргемдi
Ажыраса
ана көрген ғұрпынан.
Шынайылық күтiп елден,
өнерден,
Кездерiм көп
көңiл мұңға бөленген.
Қалдым солай, –
ешқайда да кете алмай, –
Өзiм жазған өлеңмен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу