Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  169


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Бақыт құсы

Бірлік, достықта
Отан күші,
Баста шаттыққа
Бақыт құсы.
Сені Ер қорғайды,
Биікті сүйіп,
Әнін жолдайды!
Бақ құсым,
баста бізді
Болашаққа жарқын!
Елімнің жастары ізгі
Лаулап,
от боп жансын!
Қыраным,
Құмарым –
Сенсің менің Бақ құсым!
Самғай бер,
Жалғай бер
Күндердің ең жақсысын!
Самғасын,
Талмасын
Ынтымақтың кептері!
Қорғасын,
Қолдасын
Бейбіт елдің әскері!
Бағың – Бірлікте,
Сонда көркің.
Құсты үркітпе
Қонсын еркін!
Ұшсын қалықтап!
Биікті сүйіп
Қарауға жалықпа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу