Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  86


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Дидарға

Гүл де Сен боп –
бақта емес, жүректе өскен,
Күн де Сен боп –
шуағын күліп төккен,
Білім қуған Бес жылы
бізбен өткен –
Артта қапты қырық Қыс,
қырық Көктем.
Журфак еді ол –
Жастықты ап, берген Білім,
Соның себі –
көрінсең Төрден бүгін!
Сенің әрбір ісіңнен
көрінетін
Дүниеге
Көктемде келгендігің!
Жаз жайнайтын жүзіңде,
күн ойнайтын,
Дақ болмайтын
тұнықты лайлайтын!
Саған қанша
ұқсағымыз келсе де –
Әрпір-тәрпіл ісіміз
құралмайтын!
Уайым-мұңды Тілек пен
жаңбыр жуып,
Шықсын алдан Көктем мен
Тағдыр күліп,
Бәлен жасқа толған күн емес,
бұл күн –
Қайта туған күн болсын, –
жан құлпырып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу