Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  108


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Тау тұлға

“Алатауға ұқсайтұғын
жоқ адам!” –
Деді біреу...
Қалың ойға қамалам:
“Кінәлауға тым шебер
бір тобыр бар,
Және оған қарсы топ бар –
Көп одан”.
Сол біреуге қосылмадым.
Неліктен?..
Жалғыз ғана пікірі ме
жеріткен,
Аз емес қой
мағына таппай көріктен,
Мағынасыз өміріне
келіскен.
“Алатауға ұқсайтұғын
жоқ адам...”
Ашуды іркіп,
ақылыма жол алам:
Еске оралып
“Елім!” деген сол ағам, –
Еркіндігін әзер тапқан моладан.
Жақсы көрем
ниеттерді арайлы,
Аулақ еткін о, Тәңірім,
қара ойды.
Тіпті, аспандай көрінетін
кей кезде
Ағама ұқсас
жолықтырдым талайды.
Өткендердің
көп естігем зар-мұңын,
Сол естуден
сан өксіген бар күнім.
Өлеңге өріп өтсем
деген өмірде –
Бір-бір шыңым секілдісің
әрбірің.
“Алатауға ұқсайтұғын
жоқ адам!”
...Лас ойлар
жоғалсын деп санадан –
Тауларына
таза көзбен қараған
Аға, сізді мысал еттім
мен оған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу