Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  90


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Ажырай берді

Жабығып жүрген жалқы шағымда,
(Есіме сонда түскенді анам.)
Аспанымда Ай боп жарқырадың да
Ешкімде жоқ күш бердің маған.
Табысқым келмей жағалауменен
Аялдатқанмын кемені жырақ.
Шаттығым келте болады-ау деген
Санамда сезім жоқ еді бірақ.
Бәрібір енді, ғұмырда сорды
Тәңірім тартқан сыйындай төксін.
Қиналмастаймын (бұрын да болды)
Ғашықтық сезім бұйырмай кетсін.
Қимай да қимай қоштастымдағы
Құлаттым Айды көгінен жерге.
Бойымды билеген күш тасқындары
Ажырай берді...
Ажырай берер сонымен бірге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу