Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  114


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Ой ләззаты

Әлдилесе жыр-бесік
Көңіліме күн көшіп,
Тыңдай алар жүрекпен
Табиғатпен тілдесіп
Жоқты аңсаса жегі мұң –
(Жансыз құрлы сөз ұғын.)
Әлдекімге тіс қайрап
Әлек салса сезімім –
Ой болмаса жаман-ақ...
Ой жетектеп шың асып,
Аспан жақты аралап,
Айға азырақ сыр ашып
Қайтам... Көңіл – қанағат.
Сөйткен шаттық бір күнде
Күйреп түсті…(Күрсінбе!)
Тіріге тән тәлкек қой
Перісің бе, Пірсің бе?!
Бар жарықты басқа ұрып,
Қараңғыға қашты үміт...
Ойға қарыз ол қазір –
Айдан Жұмақ аштырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу