Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  82


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Әрі көктем, әрі гүл

Бұла бейне –
әрi көктем, әрi гүл,
Тәттi түстiң
өңге айналған шағы бұл.
Ойша тағы
әсемдейсiң содан соң,
Содан кейiн
төгiледi тағы жыр.
Асқақ дейсiң,
аппақ дейсiң ол да бiр,
Алданудан ғана
жолы болмағыр.
Дегенiне көне кеткiң келедi
Денеге жан керек етсең, –
жанға жыр.
Сезiм – тәттi,
арман – алыс,
жол – қиын,
(Саған қарап
мен де iштей толқиын).
Дұрыс ұғам –
тағдырыңды тiлдесең,
Салқын леп сыйлап кетiп
сол күйiң.
Жүрегiңнiң ұрлатып ап сезiмiн
Жүдер шаққа дәл осындай,
Тез ұрын.
Осал тұсым жоқ
демесiн ұры да,
Мейлi, әйтпесе,
ары бiлсiн өзiнiң.
Ең әуелi сүю –
сенiң мiндетiң,
Сүйдiрем деп
жалғасады түнге күн.
Мен де сүйткем,
Содан берi тұтқынмын –
Мекендеген махаббаттың түрмесiн!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу