Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  91


Автор: Балуан Шолақ

Мен, Шолақ, жас басымнан

Мен, Шолақ, жас басымнан болдым ояу,
Оң қолым отқа күйіп болды қаяу.
Тал түсте Қояндының базарында
Қырық сан өгіз сатқан мені қой-ау.
Атандым мен жасымнан Балуан Шолақ,
Оң қолым отқа күйіп болдым олақ.
Бір өзім қырық өгізді айдап кетіп,
Соңымнан қуа алмады жалғыз дорақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу