Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  245


Автор: Балуан Шолақ

Алыстан аңсап келгенде

Қарақат көзді, сүмбіл шаш,
Пісте мұрын, түйме бас.
Алыстан аңсап келгенде,
Лəззатпен, сəулем, аузыңды аш


Қайырмасы:
Ал-гəк, гə-ги-гəк, гə-ги-ги-ги-гай,
Ги-гə-гай, ги-гəк, гəу-гəк, гə-гу-ги-ги-гак.
Қарақат көзді, сым саусақ,
Лебізің сенің – бал қаймақ.
Жолыңа сенің сарп етпей,
Неге керек малды айдап.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу