👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  42


Автор: Балуан Шолақ

Балуан Шолақтың қырғыздағы əні

Көкайрақ басы қызыл тас,
Шу өзені алар бас,
Қызыл тасқа қарамай,
Мара тартар өңкей жас.
Көкайрақ басы Сымсаусақ,
Аю жүрер кіл маймақ.
Алатаудан мың бастау
Сырқырап ағып Шу бармақ.
Көкайрақ басы жиын-ды,
Қазақ, қырғыз сыйымды.
Жорабоза ішпесең,
Бір басыңа қиын-ды.
Қазақ, қырғыз жорасы,
Күнде көкпар арасы.
Қандай қайғы кешсең де,
Жазылар көңіл жарасы.
Келтірді қырғыз көрікті,
Кигізді сусар бөрікті,
Көңілді көрік ашқан соң,
Көкірек өлең өріпті.
Қырғызбен кеттім туысып,
Суырдан жапты сұр ішік.
Шай орнына бал жұттым,
Көрмедім мұнда су ішіп.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы