Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  100


Автор: Балуан Шолақ

Балуанның Сусамырдағы əні

Көріп пе едің Үйсіннің Сусамырын,
Сусамырға жеттім де, сусамадым.
Берекелі пейіліңе мың рақмет,
Қымызыңды сіміріп тауыса алмадым.
Елден кетіп сынып жүр менің белім,
Кім қорғамақ ажалдан келсе өлім?
Сонда-дағы жаныма ертіп алдым,
Туған інім, миятым Тəуекелім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу