Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  172


Автор: Балуан Шолақ

Сұрша қыз

Сұрша қыз, біріншіден, көктем, дедің, ə-əй,
Тілімді алмадың деп еркеледің, ой, о-ой.
Екінші, уəдеңде, əй, жазда дедің, ə-əй,
Ей, Шөке-ай, осы алдауым аз ба дедің, ой, о-ой.
Қайырмасы:
Əндір, əндір, əндір-ай,
Ішімді оттай жандырды-ай.
Ғашық болып бас қостым,
Құмарымды қандырды-ай.
Сөйтіп жүріп, ақыры,
Сұрша қызды алдым-ай.
Қайран ашық Сұрша қыз,
Көкшетауда қалдың-ай.
О, Сұрша қыз, қалдың кейін, жөнелейін.
Үшінші, уəдеңде етектедің,
Тайлақтай мұрындықтап жетектедің.
Онан соң, төртіншіде, күзде дедің,
Ей, Шөке-ай, менен күдер үзбе дедің.
Қайырмасы.
Қыздардан жаман-жұман дəндеп қапсыз,
Бармасам адал жолмен сізге дедің.
Онан соң барғанымда қыста дедің,
Қолымнан енді бекем ұста дедің.
Қайырмасы.
Онан соң оятқалы қызға бардым,
Төсіне Сұрша қыздың мызғып алдым.
Түкпірлеп іргеменен қайтамын деп,
Айранға аяғымды малым алдым.
Қайырмасы.
Қақпағын қазанының салдырлатып,
Есікке жетіп бардым қаңғырлатып.


Əкесі ұшып тұрып орынынан,
Ұстады етегімнен тастай қатып.
Қайырмасы.
Əкесі арқанменен байла деді,
Ағасы шоқпарменен жайла деді.
Шешесі ақылды екен көпті көрген,
Қалған жол бұрынғыдан, тиме деді.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу