Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  117


Автор: Балуан Шолақ

Шəпибаяу

Дегенде Шəпибаяу, Шəпибаяу,
Атымды талға байлап, келдім жаяу.
Ақ үйге алшаң басып кіріп келсем,
Шəпи қыз жатыр екен ұйқылы-ояу.
Қайырмасы:
А-хау! Хай-ли-ли-хау,
А-хау! Хай-ли-ли-лау,
А-хау! Хай-ли-ли-лау,
Пай-пай-пай-пай-пай,
Бөде-үй, бөде-үй, хай-лай-ау.
Боз үйге ай сəулесі нұрын төгед,
Шəпи қыз сəлем айтып, келсін деп ед.
Шомылған айдын көлге аққудай боп,
Бұраң бел сылаң етіп шыға келед.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу