Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  136


Автор: Балуан Шолақ

Екі жирен

(1-түрі)
Көшкенде жылқы айдаймын, əй, аламенен,
Ауылыңа барушы едім, ай, даламенен,
А-ха-ха-у, ха-ла-ла-у, а-ай.
Түскенде сен есіме, əй, беу, қарағым,
Сағынып сарғаямын, əй, санаменен,
А-ха-ха-у, ха-ла-ла-у, а-ай.
Қайырмасы:
Ей! Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың, ау, жаным сүйген,
А-ха-ха-у, ха-ла-ла-у, а-ай.
Қарағым айналайын, мейірбаным,
Көрмеді ешбір рахат сенсіз жаным.
Айрылып сенен, сəулем, кетіп қалсам,
Жалғанда екі бірдей болмас мəнім.
Ахау, халілі-лай-лім,
Ахау, халілілі-лай-лай,
Шіркін-ай, туған едім, а-ай.
Əй, бір күнде бала болдық-ай балдырғандай,
Мейірін ата-атаның қандырғандай.
Əй, қызығы бұл жалғанның, əй, оқу-білім,
Панардай шамшырағын жандырғандай, ай!
Ахау, халілі-лай-лай,
Ахау, халілілі-лай-лай,
Шіркін-ай, жандырғандай, а-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу