👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  53


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Бұрынғы әлем елесі

Қожанасыр,
көсе Алдар есiне енiп,
Арман көрсе
қуатын екiленiп –
Кiтаптағы өмiрден
өсiп-өнiп,
Посткеңестiк кезеңге
үн қосып едiк.
Апарардай көрiнiп
Ұрымға өлең –
Шындап қуса,
армандар бұрылған ең.
Бiр-ақ сәтте
дүние баспен тұрып
Быт-шыт болды бiр сәтте
Бұрынғы әлем.
Бұрын болған түрлi дiн
қайта оралған,
Кескестедi
ежелгi шайтан алдан.
Түстi айқасқа
үмбетi медеу тiлеп
Мұса,
Дәуiт,
Мұхаммед,
Ғайсалардан.
Алыстайды қуаныш
гүлдесе мұң,
Қуаныш, ол –
келешек күнге сенiм.
Күнге сенiм
күйредi бөлшектенiп,
Пайда болды бiр ұлтта
бiрнеше дiн.
Шөл кезiгер
шөлiркеп қусаң көлдi,
Билiк жақтан бұқара
бу, шаң көрдi.
Лаңкестiк әр елде
сәнге айналды,
Дәл осыған Бхутто1
душар болды.
Саддам сынды, яки
Ирак сынды,
Тұлға жайрап,
тұтас ел қирап тынды.
Тағдырымен ұқсаған
ауған-шешен
Көшедегi үрейдi
үйге ап кiрдi.
Үрей өртi тiксiнттi –
өңiрдi үйіткен,
Аумай қалды қоңсылас
жебiр киттен.
Ал мен болсам
арманға әлi сенем
Ұққым келмей
бөлегiн өмiр мифтен
Керi кетсе де
ойға алған қандай iсi,
Алдан бақыт күтетiн
қалмай есi.
Күдiгi мен үмiтiн
күрестiрген
Менiң басымдағы
жағдай осы.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы