Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  394


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Егемендік

Баба арманы боп жеткен
осы кезге,
Бар қандастың iркiлдi
жасы көзде.
Жауларынан биiктеп
мәртебесi,
Дәл жанынан табылды
досы лезде.
Қасiретiн қазақтың
Құдай ұқты,
Құдай ұқса, әрине,
шынайы ұқты.
Тәуелсiздiк орнады
сәтiменен –
Қазақстан халқына
лайықты.
Бодан елге бостандық –
мұзарт арман,
Көкжиекке
көңiлiн ұзарта алған.
Тәуелсiздiк тойына
көрiк қосты
Ұл – тұлпарын баптаған,
Қыз – ән салған.
Қазақ солай
тiлегiн тауға жалғап,
Қыр көрсеттi дұшпанға –
жаулап алмақ.
Ұлдың озса тұлпары,
қыздың әнi
Бастан мәңгi көшпес-ақ –
онда ол бақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу