Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  148


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Наурыздағы тілек

Пенде боп мынау кең дүниеге
келгесiн тегi,
Өмiрде ғажап – көңiлдiң күймен
тербетiлгенi.
Қоғамның медет – бұрғаны
кер бетiн берi.
Табиғаттың нұрлы,
мамыражай кезеңi келдi,
Тәртiпсiз айнам, әдеттен тиыл
сен де күндегi.
Мөлдiр көкке енiп
көгiлдiр арманға боян,
Сезiмге ерiп сенен өзгенi
көрмесiн Серi...
Адамзат үшiн әуенi ерек
жер бетiндегi
Аналар тойы – көктемнiң
алғашқы әнi,
Сазды күйiмен
сезiм пернесiндегi
Наурыз тойына ұласып
жалғассын әрi!
Түнекке қамап тойлаған, яки
шаттанған тұсын,
Тiлi мен дiлi – қос қабат қайғы
қапталдан қысып,
Келсе де көктем,
Наурызы оралмай қойып
Көп жүрдi жұртың үмiтiн
ақ таңнан күтiп.
Түнектегiлер кешкен азапты
жүректен өткiзе,
Тұрқыңды тiктеп,
ел күткен үмiтке бет түзе.
Жан жарасын жазатын
арман асуы –
Ұжданы қамшылап
ұрпақтың алға басуы.
Армансыз шарпып
арайлы шақтарды үсiк,
Алаштың бағы кетуге
шақ қалды ұшып.
Жайбарақат қалсаң,
жабырқар күрсiнiп алап,
Жарығыңды жағып
түнекке кiр сыналап.
Жамау боп қалсын
олқының жыртығын жамап –
Алатау асқан арманың
аспанды құшып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу