Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  89


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Алматының жаңбыры

Алматының аспаны,
Тыйып бiр сәт жауыныңды,
Құлақ тосшы сөзiме.
Ауылымнан бауырымды
Алып кеттiң өзiңе.
Жүр ендi ол (мендей боп)
жаттағалы,
Жыр деп ұғып
тамшылардың тырсылын.
Ауылым тұр жоқтап оны,
Анам санап
жүрегiнiң дүрсiлiн.
Аспан, Аспан!
Шақырумен келесiң!
Өр даусыңды
жүрегiме жасырдым.
Зар-мұңыңды
жаңбыр қылып төгесiң,
Жан-жырымды
мен де төгiп отырмын.
Алматының жаңбыры!
Бауырымнан басқа сүймес,
тоқтал ендi.
Анам менiң,
сүрт көзiңнен жасыңды.
Жатқа да ердi бұл қазақ, –
Таққа сендi,
Барлығы да басынды.
Тыңдамады
Алматының жаңбыры,
Өлеңдi де
тыңдамас болды халық.
Су астында
жырым үнсiз қаңғыды,
Көрген күнi күн емес –
қорлық анық.
Осы халдi
көрiп тұрып сыртынан,
Көнiп тұру,
тиедi сұмдық ауыр.
Жай оғынан қуат алып
ұмтылам...
Жарақаттың белгiсi –
тұнжырауым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу