👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  34


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Сендім, Ана

Асыл ана, алабұртса
дерегiм,
Алаңдамай күй кеше бер
дер едiм.
Тағдырымның талқысына
бой бермей,
Сенiмiмдi серiк етiп
келемiн.
Сендiм ана – атаның
боз басына,
Сендiм ана – асылдың
тозбасына.
Жамандықтан жиренiп
жанын үккен, –
Сендiм ана – арудың
көз жасына.
Сендiм ана – жүйелi
ұранға да,
Сендiм ана – киелi
Құранға да.
Олар менi үндедi
өзiңдей боп,
Ал, өзiңнен мен неге
тұрам дара.
Ұмтылысты үзбеймiн
алға қарай,
Атқызармын көз iлмей
таң да талай.
Тежелмеспiн ешқандай
тосқауылға
Сендiм ана...
Сенiмiм алдамағай!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы