Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  88


Автор: Бауыржан Әліқожа

Отан

Аспанның астындағы,
Қастерлі шаңырағым.
Көруге хас тұлғаңды,
Шығады сағына Күн.
Даламды-дауам дер ем,
Сенсің ғой көңілді әнім.
Әр жұтқан ауаңменен,
Сезінем өмір мәнін.
Боламын тауларыңдай,
Қорғаған еңісіңді.
Жайқалған бау-бағыңдай,
Беремін жемісімді.
Ел қайда өз еліңдей,
Толтырам жаңа нұрға.
Мөлдіреп өзеніңдей,
Сылдырап ағамын да.
Ай мен Күн – алқаң сенің,
Шашылған нұр шапағы.
Ұлыңмын артар сенім,
Кетпейтін қуса-дағы.
Тұғыры даралардың,
Мұқалмас намысым ба ең?!
Бұл жерге бабалардың,
Тері мен қаны сіңген.
Жайғызған жапырағынды,
Мекен бұл кие өрілген.
Жаралған топырағымды,
Тыңайтам сүйегіммен.
Сен тудың орала бақ,
Жүргеннен байқап енді, –
Келемін әлі аралап,
Осынау байтақ елді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу