👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  45


Автор: Бауыржан Әліқожа

Көзілдірікті қыз

Еліктейін ерке қыз тұма, тұнық,
Сені аңсаған кеудемнің мұратын ұқ.
Жан жүрегің сезімге тіл қатпаса,
Бар жігерім кетердей уатылып...
Жанарыңды жасырып көзілдірік,
Балғын бала еткендей кезіңді ұмыт.
...Көзің күліп шыға бер қарсы алдымнан,
Ғашықтықтың ғажабын сезіндіріп!
Бадана көз, томпақ қыз, арайлы өңі,
Өте шықтың танымай талай мені.
Тарайды емі деміңнің тұла бойға,
Сезінбесін басқалар алайда оны.
Нәзік қалқа, шектен тыс еркелігің,
Дәл өзіңдей күйдіріп өртеді кім?!
Сені іздеуде жан-тәнім аласұрып,
Қобыз кеуде ыңылдап шертеді мұң...
Арманыңдай ар-айнаң әппақ ерек,
Жымиысың нұр себер баққа бөлеп.
Өзіңменен жүздескен бірер минут,
Айналады ғаламат шаққа кенет.
Балбұлақтай ағатын сылдырап кең,
Қайран уақыт барады сырғып әттең.
Қандай қиын кимесең көзәйнекті,
Көз алдында тұрамын бұлдырап мен!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы