Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  92


Автор: Шырын Толқынова

Жүргенімде қанық боп есіміңе...

Жүргенімде қанық боп есіміңе,
Сыртыңнан-ақ кеткендей есім, міне.
Жамау тіктім жырымнан, жүрегімнің
Сен сығалап қоймаған тесігіне.
Өр тұлғаңмен өнердің өрінде едің,
Тек тумаған тектілік төрінде едің.
Топ ішінен тұлғаңды таңдап алдым
Көп ішінен мен бірақ, көрінбедім
Көмейіңді көргенде бүлкілдеген,
Жан дүнием қалмады сілкінбеген.
Жапырып тастайтұғын арыныңа,
Үмітімді қайтейін үлпілдеген.
Армандаған көктегі жұлдызын тек,
Мен жердегі ойлаушы ем қырмызың деп.
Мазалаған екен ғой бостан-босқа,
Ертегілер елінен бір ызың кеп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу