Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  140


Автор: Шырын Толқынова

Тәуелсіздік туралы

Тәуелсіздік деп даламда қаным қалды,
Тәуелсіздік деп алаңда жаным қалды.
Жайқалмай, жасып, жастық шағым қалды,
Байқалмай басып, баста бағым қалды.
Арайлап атпай қанша таңым қалды?
Айтылмай бақта қанша әнім қалды?
Домбырам да айырылды тиегінен
Қобызымда қап кетті күй егілген
Көр қазылып қаланың жиегінен,
Қарияның қан ақты иегінен,
Төбешіктер жасадық, төріме ойып
Боз далада боздақтар сүйегінен.
Қасірет болды бір сәт қас-қағымда.
Қырандар күңіренді аспанымда
Жасым сіңіп даламның тастарына,
Армандар қалды Алатау асқарында
Ізгі әні шырқатылып ұран болып
Ызғары қалып кетті жастарымда.
Күрестерді көрсек те қаншама біз?
Қазақстан бүгінде баршаға аңыз.
Тәуелсіздік деп бүгін жар саламыз,
Тәуелсіздік деп біздер ән саламыз.
Арайлап атқан әрбір ақ таңдарды,
Тәңіріме тәубе етіп қарсы аламыз




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу