Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  96


Автор: Жақсыбек КЕМАЛ

Алас та қапас аласұрған дүние

Алас та қапас аласұрған дүние
Арым менен арманымды арбады,
Тек сезімім Ұлы үмітті жалғады
(Білем, ауыр салмағы.)
Бағым қайда?
Бағынбай ма құтты күн,
Ұлы күннің ұлы ойының ұтты кім? –
Зәбірлілер зарлады...
Мейлі, мейлі,
Мәлім маған мұңдылық,
Ырысың да – ыңсапсыздың ындыны, ұқ –
Сайқалдығы – сұм қылық!
Өмірің сол – алдыменен таң қалу
Аз күлкіні мол ақыға жалға алу.
Әжімге сіңер әрлілік,
Ал, басында сәнді ару.
Дүниеауй дүрмектің де бар мәні
Тыныштықтың түнін тауып алдану,
Ақиретке ақ ниетсіз қамдану
Ал, ішкені жалған у!
Пенде-пері таңдауы –
Сезімімен сандалу,
Пейіш-нұрға жалғану!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу