Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  93


Автор: Жақсыбек КЕМАЛ

Аспан жақта

Аспан жақта арман жүр –
Сендік арман жанған нұр.
Көкке қарап жылайды
Жерде солып қалған гүл...
Үмітімді үрледі
Салқын самал. Таң.Жаңбыр...
...Менің ғазиз рухымды
Әлің жетсе, таңдандыр!
Тәтті сезім болмаса
Бәрі бекер, жалған дүр!..
Аспан жақта үміт жүр
(Мән-жайымды күліп біл!)
Жанарында сезімнің
Сыр моншағы тұнып тұр...
Қос кірпіктің сүйісі
Қызығарлық қылық бұл!.
Өксімесін енді, өрлім,
Сол баяғы... сынық гүл!
Менің мұңсыз періштем,
Мұң-жырымды ұмыттыр!
Р.S: Аспан жаққа... Бақ ұшқан!
Нұр-тілектер табысқан.
Көкте көптің назары
(Көбі маған таныс жан.)
Қара сайтан – сұм қылық–
Сүмек тағдыр...
(А, мыстан!)
Нағыз ерлер алдымен
Кетер көкке... НАМЫСТАН!
Мен де ертең жоғалсам,
Іздесеңіздер-ау... ғарыштан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу