Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  112


Автор: Гүлжайнар Қалдина

Қарсыз қаңтарда туған өлең

(Ертай Ашықбаевқа)
Ақын аға!
Иығыңда жүк ауыр,
Белгісіздеу мінезің бар сірә бір.
Еленбесе, танытпаған ессіздік,
Себебі сол – адамдықта тұрағың.
Аспансыған кеуделерге тән емес,
Бірақ жиі шашылмайды шуағың.
Мешін жылғы ит көйлектің иесі,
Бабатайдың бастауы кең бұлағы.
Мақталмаған, датталмаған жас талдар,
Сізден сын мен пікір күтіп жүр әлі.
Қоян жылы.
Қарсыз қаңтар қонғасын,
Ақтөбе енжар.
(Айта алмадым қарға сын)
Ашықбаев Ертай ақын атанған,
Көрсем деймін Алматының ордасын.
Дәу Алматы жұмақ төрдей көрінер,
Ақындардың астанасы болғасын...
Сіздің ғұмыр – бәрі тарих, бәрі аңыз,
Менің күнім – бедерім боп қалар із.
Кесте жіпті келістіріп көрейін,
Көз салыңыз, Аға, сіз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу