Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  106


Автор: Гүлжайнар Қалдина

Бағынбайтын бақ тұғырым....

Бағынбайтын бақ тұғырым,
Күллі әлем күліп бақсын.
Кірпігіңнің тәттілігін,
Ұлы ұғымдай ұмытпаспын.
Шашылмаған
Шашың мына,
Шабаданы бойжеткеннің.
Терілмеген қасың – қына,
Сөзім – шабан
Ой жеткен күн.
Жай отындай жанарыңда,
Жасырынған жарасым бар.
Қала алмаймын қамалыңда,
Таласым бар...
Қарасыңдар!
Алақанда арың биік,
Балапанға панаң дайын.
Бақшам – Бақыт,
Бағым – Ұйық,
Басқасына...амалдайын.
Ертеңіңді ел көріп пе
Ойың – биік,
Сырың – дара...
Бағынатын пенделікке,
Бүгінімнің жыры ғана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу