Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  95


Автор: Гүлжайнар Қалдина

Қыс көшіп барады...

Қыс көшіп барады...
Қар жылап...
Қимастың әніне сал құлақ.
Сен солай кеткенсің
Қайрылмай
Ер-тұрман көрмеген арғымақ.
Енші алдым мол мұңнан...
Алда боп...
Жанымды сүйрелеп жарға көп.
Жалыны өшпеген... Лаулайды
Ернімде қалған от.
Биіктен бағыттап бүгін дем,
Жүгіргем...
Өзіңе жүгінгем...
Мен сенің көгіңде ай болып,
Сүйемін төгілген нұрыммен.
Үмітін үрлеп тұр мына күн,
Суықтау сендегі сірә, мұң.
Мен сенің күлкіңе айналып,
Көзіңнен төгіліп тұрамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу