Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  100


Автор: Гүлжайнар Қалдина

Сипа, самал...

Сипа, самал,
Бұрымымды тарақта,
Сиың болсын маған тартқан сол қымбат.
Өмір деген өзгермелі параққа,
Ғұмырымды алып келдің алқымдап.
Мың өзгерді...
Күз де көшіп қыс қонды,
Апа-ау, айтып ұйықтатшы баяу ән...
«Ақ серек те көк серек»1
те
...түс болды,
Құмарымды қандыра алмай оянам.
Күндерімнің жоғалтып ап ұйқасын,
Сағыныштан сағым қуып кетермін...
Жеке меншік...
Мен жайғасар «жиһазым»,
Құтты мекен – қос тізесі әкемнің.
Сағындырды...
Ұлы Борсық, көш бері,
Ой дәнегін орып күндер өтер кей.
Елесіңнің ең елеулі ескегі
Ыстықсың-ау, анам менен әкемдей...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу