Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  209


Автор: Бейбіт Сарыбай

Тағы келді көш түзеп сары атан күз...

Тағы келді көш түзеп сары атан күз,
Тоңып қалма суыққа балапан қыз.
Қатайғанша қанатың камқор болып,
Аялайтын жып-жылы алақанбыз.
Паналаған жер бетін тартымды гүл,
Сен де менің өзіңше нарқымды біл.
Бірімізді біріміз бағаласақ,
Сонда ғана құндырақ алтын ғұмыр.
Тамшы тектес жаралған сүйкімді қыз,
Мықты болсаң сен менің ұйкымды бұз.
Ұйқтай алмай аунақшып жатсақ қана,
Бірімізге біріміз сүйкімдіміз.
Қалжың бәрі, онсыз да сүйкімдісің,
Басқа қыздар ұрлаған ұйқымды шын.
Көңілімнің пернесін дәл баса біл,
Кеудемдегі бір әуен құйқылжысын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу