👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  41


Автор: Бейбіт Сарыбай

Сыртым суық...

Сыртым суық,
Өртенген ішім ғана...
Мені өртеген сезімнің күшін қара.
Жақсы көрем өзінді коңыр қыз-ау,
Жақсы қыз боп туғаның үшін ғана.
Саған деген сезімім мінсіз жаңа,
Бұл сезімім қоймас-ау құнсыздана.
Ешбір жанға байқатпай ғашық болдым,
Және сені сүйемін үнсіз ғана.
Сенің нұрлы жүзіңнен нәр алғалы,
Адам болып туғалы, жаралғалы.
Алғаш рет женіліп, ұмыт қалды,
Тағдырымның таусылмас залалдары.
Әлденеге ырза боп күлімдейсің,
Қауыз жарған жүректе гүлімдейсің.
Мен ғой тегі сәт сайын быт-шыт болам,
Сен не деген мықты едің,.. бүлінбейсің.
Ғажаппысың, жаным-ау ғаламдағы?.
Әлденеге көңілім алаңдады.
Іздеп жүрем жалтақтап жан-жағыма,
Кездеспесең әрине жаман-дағы.
Сендей қызды жылату мүмкін емес,
Бұл өмір бір күн жаксы, бір күн егес.
Сен кетерсің алысқа адастырып,
Кетпесе екен жанардан шіркін елес.
От сезімге мен әлі бағынармын,
Шытынармын, күлпарша шағылармын.
Сарқылмайтын сарабдал сезім барда
Сағынармын қоңырым, сағынармын.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы