Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  118


Автор: Әлия Дәулетбаева

Салқыны соғып пері уайымның...

Салқыны соғып пері уайымның,
Періште көңіл қанша құбылдың.
Жарығы сонда сөніп айымның,
Жібергем үзіп моншағын мұңның.
Ыстық сәлемін алып ұшқанда,
Ынтық боп көкке көгершін кеудем.
Жазықсыз үміт жаңылысқан да,
Әйтеуір түбі келерсің деумен.
Құлын көктемім өтті кісіней,
Сары бел астым саған жетем деп.
Іздеп келемін көптің ішінен,
Кезігіп бір күн қалар ма екем деп...
Тамшының әнін тыңдаған тәтті,
Күзгі бақ күрең жамылып торғын.
Ұйқымды ойлар ұрлаған сәтте,
Күлкіңді ,айнам,сағынып қалдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу