Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  356


Автор: Азамат Есалыұлы

Есілдегі ерке қыз сіз бе едіңіз?

Есілдегі ерке қыз сіз бе едіңіз?
Жосылып жатыр әне іздеріңіз.
Алланың әмірімен жерге түсіп,
Қай жерден қандай бақыт іздедіңіз?
Сіз бе едіңіз ерке қыз Есілдегі,
Сары дала сарыарқаның төсіндегі.
Жібектен өткен сұлу жоқ деп едік,
Көркіңіз қыз Жібектен көш ілгері.
Және де ақылыңыз артық одан,
Белгілі ол сұлудың нарқы маған.
Сұлулардың сұлуы сіз екенсіз,
Баянды қылсын енді артын Аллам.
Кең маңдайлы бота көз, ай қабақтым,
Сізді көріп соншалық ойға баттым.
Есілдің ерке қызын еліктіріп,
Бір өлең жазамын деп ойламаппын.
Көз тартар көркіңізді бейнелеумен,
Жыламай жыр жазуды үйренем мен.
Сол жақ тұсым сыздайды мазамды алып,
Мен сізді... ал, сіз мені сүймегенмен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу