Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  87


Автор: Азамат Есалыұлы

Аманат

Өлең жазсам...
Жазғам жоқ еріккеннен,
Немесе жазғаным жоқ желіккеннен.
Мен кеше аманат қып алып қалғам,
Артығали,
Бауыржан,
Серіктерден.
Өлең жазсам...
Жазғам жоқ зеріккеннен.
Сонша жыл азабын да көріп келгем.
Қағазы мен қаламын қаздаңдаған,
Аманаттап АЛЛА ғой сеніп берген.
Аманатқа адалмын мәңгіге мен,
Әңгімем осы менің жанды жеген.
Өлең үшін құрбан ғып өмірімді,
Қу медиен далада қаңғып өлем.
Қаңғып өлем, құрбан ғып мал-жанымды,
Маңдайыма жазса АЛЛА сандалуды.
Аялап өтемін мен өле-өлгенше,
Көрінген көз алартқан ардағымды.
Ардағымды аялап өтемін мен,
Аманат – жыр түспейді жетегімнен.
Құлыныма содан соң қалдырамын,
Ана ауылға аттанып кетерімде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу