Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  331


Автор: Саят Қамшыгер

Жоқтау

Әке, сені кез болса түсінбеген,
Ар-намыстың үп-үшкір ұшында өлем.
Бақи жаққа сен кеттің,
Содан бері
қалдым қалың тұманның ішінде мен.
Перзентіне кім жетер әкесіндей,
Аталардың болған ең кәдесіндей.
Ат терлетіп алыстан келгенімде,
қарсы алады кім мені дәл өзіңдей?
Мендегі көл таусылып, тотым ұшты,
Сағыныштың жүректе оты күшті.
Ұлың қалды қайғыдан ұлып іштей,
Сырың қалды ашылмай,
өкінішті...
Сені іздедім...
Жас тұнды жанарымда,
Ауыр мұң тұр ілініп қабағымда.
Әкетайым!
Өзіңдей асыл жанды
төрт кезсем де дүниені табамын ба!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу