Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  152


Автор: Саят Қамшыгер

Сүйеп еді аяғым тайғанда Алла...

Сүйеп еді аяғым тайғанда Алла,
Жаратқансыз адамзат сайрандар ма?
Құдай сөзі – Құранға еліттім де,
Иман еттім ақырғы пайғамбарға.
Фәни дүние бақиға үтір екен,
Өнерімді Аллаға пітір етем.
Жарға барып тірелген жүрегіммен,
Жаратқанға мың да бір шүкір етем.
Кірлемейік тіршілік базарында,
Сезім шыңы нәбидің таза арында.
Шабыттанса құдайдан қуат алған,
Ақын дәйім Алланың назарында.
Сынағынан тағдырдың ысылған құп,
Жүрмін қазір көңілдің құсын аңдып.
Жұмақ жақтың қақпасы иман екен,
Бақ пен құттың есігі – мұсылмандық.
Шығыс жақтан таңым бар арайлаған,
Анық басып қадамын санай ма адам?
Өмір деген сынақтар алаңында
Абайым-ай!
Дәл басқан, абайлаған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу