Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  171


Автор: Балуан Шолақ

Жай қоңыр

Шырқайын «Жай қоңырға» жайыменен,
Барады етіп өмір айыменен.
Жалғанда ер жігітте арман бар ма,
Қосылса адал жұпты сайыменен.
Əйелің жақсы болса – атың байлар,
Шот беріп, жаман болса, отынға айдар.
Жігіттің алған жары жақсы болса –
Келгенде үйге мейман гүл-гүл жайнар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу