Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  493


Автор: Балуан Шолақ

Сентябрь

(4-түрі)
Атандым он жасымнан Балуан Шолақ,
Бойымда толып жатыр, əй, күш пенен бақ.
Сұлу қыз, келіншекке тынышсыздаумын –
Жалғыз-ақ тал бойымда мінім сол-ақ, мінім сол-ақ.
Қайырмасы:
Ау, и-ей-ей, а-у, и-ей-ей,
А-ха-ха-ха, ха-ха,
Ха-ха-ха-ха-ха, ха-ха, а-хай.
Дегенге Шөкең баяу, Шөкең баяу,
Қыдырып Қараөткелді келдім жаяу.
Жаласы сексен өгіз маған ауып,
Үстінде жалғыз оқтың тұрдым таяу.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу