Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  196


Автор: Балуан Шолақ

Қызыл асық

Ей! Ли-ля-ля, ли-ля-ля, ли-ля, а,
Ли-ля-ля, ли-ля-ла-лай.
Е-ги-гай, е-ги-ги-ги-ги-ги-ги.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл асық,
Жастар көп қыз балаға болған ғашык.
Əзілмен ебін тауып сөйлемеген,
Жігіттің ойлап тұрсам өзі жасық.
О-о-е-е-е-е-е.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл киік,
Тараған тоты құстай шашын түйіп.
Қымбатты мінездері балдан тəтті,
Тұрады көрген жерден көңілің сүйіп.
Тұрмай ма жақсы қызға көңілің ауып,
Əзілмен сөйлеу керек ебін тауып.
Білетін құрбы жанын адам болса,
Ілгегін өзі ашпай ма, есік жауып.
Жақсы қыз иісті май құтыдағы,
Жағуға əркім құмар оны-дағы.
Болғанда қыздар шабақ су ішінде,
Мен шортан мұны қуған жылымдағы.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл қыршын,
Менімен əзілдескен түрің құрысын.
Сертіңнен күндіз берген түнде тайып,
Қойдың ғой сипалатып жүктің бұрышын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу