Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  145


Автор: Балуан Шолақ

Құлан кісінес

Баймырза – əкем аты, атым – Шолақ,
Кеудемде қайратым мен күшім мол-ақ,
Көргенде қыз-келіншек – мазасызбын,
Жалғыз-ақ бойымдағы мінім сол-ақ.
Қайырмасы:
Ə-гə-гəй, а-гə-гə-гəк-ай,
Ү-гі-гі-гі-гі-гі-ай,
Ү-гі-гі, гі-гі-гі-ай,
Ү-гі-гі-гі-гі-гі-гі, гі-гі-гі-ай.
Басында Көкшетаудың көп балапан,
Түбінен дария тасып, су тараған.
Сұлу қыз, əсем жігіт бəрі сонда,
Апырмай, неге келдім сол арадан.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу