Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  108


Автор: Балуан Шолақ

Қос қалқа

Айтуға-ай мен бір өлең көңілім ауып,
Қыз бала, алдыңда тұр үлкен қауіп.
Қайырмасы:
Қос қалқа-ау, сəулем, қос қалқа-ай,
Алтыннан сырға алқа бел,
Сағынсаң, қалқа, қайта кел.
Əкеңнің оң жағында ойна да күл,
Бір жақсы жігітпенен теңің тауып.
Қайырмасы.
Əкеңнің оң жағынан кеткеннен соң,
Жүресің бөтен елде сиыр сауып.
Қайырмасы.
Егер де күйеуіңе жақпай қалсаң,
Басыңа кетер сонда қамшы жауып.
Қайырмасы.
Жіберер əкең сені малға сатып,
Мал болса болғаны ғой құдай атып.
Қайырмасы.
Жігітпен көңілің сүйген ойна да күл,
Айтамын осы өлеңді таңырқатып.
Қайырмасы.
Жігітке өзің сүйген бара алмасаң,
Өтерсің бір жаманмен сілең қатып.


Қайырмасы.
Уай, сəулем, ұғып алшы бұл сөзімді,
Сендерге айтқан менің насихатым.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу