Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  119


Автор: Балуан Шолақ

Балуан Шолақтың əні

(4-түрі)
Бұл күнде жиырмада менің жасым,
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарыңда,
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Жиналған орыс-қазақ таң қалысты,
Болды деп Қаһарманнан мынау басым.
Залог сап жетпіс бес сом күрескенде,
Сындырдым Карон балуан қабырғасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу