Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  125


Автор: Балуан Шолақ

Балуан Шолақтың əні

(1-түрі)
Дегенде Шолақ баяу, Шолақ баяу,
Еркім жоқ, қапастамын, ау, көңілім қаяу.
Қапастамын, көңілім қаяу.
Жаласы сексен өгіз бірдей қуып,
Мылтықтың дəл аузында, ау, тұрмын таяу.
Дəл аузында тұрмын таяу.
Жазығым – мықтылығым, күшім басым,
Дұшпанның талқандадым талай тасын.
Отырмын мен қапаста қамығумен,
Сұм дұшпан, енді маған не қыласың.


Япырмау, мен не қылдым жақыныма,
Жақыным бір келмеді ақылыма.
Жатқанда абақтыда бір келмеді,
Мұжық қол батқан екен тақымына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу