Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  324


Автор: Балуан Шолақ

Ғалия

(«Ғалия» əнінің тағы бір түпнұсқалық мəтіні мен оның жолма-жол
мағыналық тəржімесі А.В. Затаевичтің М.И. Глинка атындағы Ресей
мемлекеттік орталық музыкалық мəдениет мұражайындағы қорында
сақталған. 2004 жылы Алматыда қайта басылған «Қазақ халқының 1000
əні» жинағы бойынша беріліп отыр. Затаевич Балуан Шолақтың төрт
əнін, оның ішінде бір əнді («Ғалияны») екі адамның – Денисов үйезі Домбар
болысында Беймұхаммед (Бейімбет) Майлиннің, Черлак (бұрынғы Омбы)
үйезіндегіҚайтас болысындаƏлікейӨтекиннің орындауындажазып алған.
«1000 əнге» жазған түсініктерінде: «...солардың ішіндегі танымалдығы
бойынша өзінше бір атақтысы «Ғалия» (Шолақтың ғашығының есімі)
жəне, əсіресе, аса тамаша «Сарын» болып табылады, бұл менің жинаған
коллекциямның ішіндегі неғұрлым аршынды, кең құлашты, асқан үздік,
виртуозды əндер қатарына жатады», – деп жазды).
Айым да сен, Ғалия-ау, күнім де сен,
Оң қабағым тартады, күлімдесең.
Менің көңілім, Ғалия, дауалансын,
Ауған түйе секілді бейімдесең.
Қайырмасы:
Япырау, жан сəулем, Ғалия, бетіңнен,
Аппақ болған етіңнен.
Бір күн ауру, бір күн сау,
Жазылдың ба дертіңнен.
Айдың көзін жалт еткен бұлыт алсын,
Бүйте берсең, жүйкемді құрытарсың.
Биуадан қосылған Ғалияжан,
Қай қылығын қалқаның ұмытарсың.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу