Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  188


Автор: Балуан Шолақ

Ғалия

(6-түрі)
Ғалияның қолында бұйда пышақ, о,
Ғалияны көрдім де, жайдым құшақ.
Отыр ма екен Ғалия, жатыр ма екен, а?
Айдын көлде шомылған аққу құсап.
Беу, жан сəуле, Ғалия, бетіңнен,
Сүйіп бір алсам ерніңнен.
Қайырмасы:
Ойда тұрып Ғалия-ай,
Ақбоз үйге сүйенгенде,
Сарыала бешпет киінгенде,
Шəйі орамал түйінгенде.
Айналайын Ғалия-ай,
Қолым салдым қалтаңа-ай.
Жығыла жаздап байқамай.
Аңсап, сусап келгенде,
Бір сүйгізші, а-ха-хау, қалқатай!
Алып келген базардан құла қасқа,
Жібек ноқта басында, бауы басқа.
Кішкентайдан бірге өскен Ғалияжан,
Кел, екеуміз мінейік тарантасқа.
Беу, жан сəулем, Ғалия, қабақтан,
Сүйіп бір алсам тамақтан.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу