Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  89


Автор: Балуан Шолақ

Ғалия

(3-түрі)
Сен Тілеудің қызы едің Ғалиядай,
Ісің болды халыққа жариядай,
Бүл қылығың қоймасаң, Ғалияжан,
Арты болып кетпесін дариядай.
Қайырмасы:
Ойпырмау, Ғалия, қабақтан,
Сүйе берсең тамақтан.
Ойда тұрып, Ғалия-ау,
Дүрия пешпент жамылып,
Іс қыларсың жария.
Бүйте берсең, Ғалия, бүлдірерсің,
Қордабайды мұртынан күлдірерсің.
Бұл қылығың қоймасаң, Ғалияжан,
Кезегімді соңынан бір берерсің.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу