Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  131


Автор: Балуан Шолақ

Ғалия

(2-түрі)
Айым да сен, Ғалия-ау, күнім де сен,
Оң қабағым тартады, күлімдесең.
Менің көңілім, Ғалия, дауаласын,
Ауған түйе секілді бейімделсең.
Қайырмасы:
Ойпырмау, жан сəулем,
Ғалия-ау, бетіңнен.
Аппақ қардай етіңнен,
Бір күн ауру, бір күн сау,
Жазылмадым дертіңнен.
Нұр сипатты, Ғалия, жамалыңыз,
Ешбір жанға тимесін залалыңыз.
Қаршыға төс, қаз мойын Ғалияжан,
Əлдеқалай болады заманыңыз.
Қайырмасы.
Айым да сен, Ғалия, күнім де сен,
Оң қабағым тартады, күлімдесең.


Келмеді деп, Ғалия, өкпелеме,
Амал қанша, бір минөт кідірмес ем!
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу