Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  122


Автор: Балуан Шолақ

Ғалия

(1-түрі)
Əнеугі айтқан, сəулем-ай, сөзіңді ұқтым,
Мен дұшпаннан қорғалап, қашан бұқтым.
Ақсұңқарды бөктергі, ау, іле ме деп,
Ерегіскен дүшпанды, ай, жерге тықтым, жерге тықтым.
Қайырмасы:
Ойпырмау, ой, Ғалия!
Ісіміз болды, əй, жария, ай!
Ерейменнің түбінде сегіз ағаш,
Сені маған телиді көрген алаш.


Аға, жеңгең бас болып қорыса да,
Амандасып қалушы ең таңмен талас.
Қайырмасы:
Ойпырмау, ой, нəркес көзіңнен,
Бал татыған, ей, сөзіңнен.
Бір ат келді базардан құла қасқа,
Жібек ноқта басында, бауы басқа.
Ғашық болып қосылған Ғалияжан,
Кел, екеуміз мінейік тарантасқа.
Қайырмасы:
Ойпырмау, ой, Гүлəнім,
Жарай ма екен бұл əнім




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу