👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  38


Автор: Есей Жеңісұлы

Жастық деген болды ма осы менде?

Жастық деген болды ма осы менде?
Жүрдім бе әлде тірлікті кешіп өңге?
Ол сыйлаған ғажапты ұмыттым ба?
Ол істеген қатені кешірем бе?
Апыр-ай, менде жастық болмағандай,
Отыз жас бірден келіп орнағандай.
Он сегіз бен жиырма бес сағым болып,
Кеткен мені қалдырып жолға қандай?
Қызық қуып жүрмеген сияқтымын,
Жастық жырын білмеген сияқтымын.
Жүрдім, білдім... Қалайша тез ұмыттым?
Ұяттымын, жігіттер, ұяттымын...
Мен де осы аспанның астындамын,
Кеше еді ғой көжені ас қылғаным.
Кеше еді ғой сия алмай жерге, көкке,
Жұмыр басты тауға да, тасқа ұрғаным.
Кеше еді ғой болашақ аңсағаным,
Үйренгенім ынтамен ар сабағын.
Соның бәрін ұмытып, қазір енді
Әр күнімді сезімсіз қарсы аламын.
Күнім әзір кеткен жоқ қырдан ауып,
Мен де адаммын шаттық пен мұңға қарық.
Түсінемін...
әнебір інілерім,
Жастығымды кеткен ғой ұрлап алып...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы