Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  99


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Есенбайға

Інім едің алыс кетсең сағынтар,
Өсе берді көз алдымда өрім тал.
Сенің жаның иіс-қоңысты сүймейтін,
Жібек құрттың піллəсіндай сезімтал.
Сұмдық боп тұр кер заманның сылайы,
Кетпесін тек əсем əннің шырайы.
Шалдыр-шатпақ бұралқы иттей қаңғырып,
Болашаққа жетер сөздің құмайы.
Дарынсың ба, дара қонған байғызсың,
Өзге шөптен оқшау өскен жалбызсың.
Ағайының көп болғанмен қасыңда,
Көркемөнер тоғайында жалғызсың...
Алғашында беріп жүрдім сыртымды,
Бірте-бірте келтірді өзі қисынды.
Сөйтсем, əнің оркестрдің ішінде,
Мондалина дыбысындай сүйкімді.
Ал, ендеше, Есенбайым, тартынба,
Аламаның шулап жүрсін артыңда.
Жаңбырдан соң таза ұстайтын толқынды,
Радио секілді бір саңқылда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу